Абай марафоны. Семейде біраз көше жабылады

16 Қыркүйек 2022, 06:33 1554

Ары қарай Тәңірбергенов көшесінен көлік көпіріне қарай өтіп, қайтадан Абай көшесіне шығады.

Семей қаласында Абай марафонына орай бірқатар көше жабылады, деп хабарлайды EL.KZ Semeynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, марафон Абай даңғылында басталады. Содан соң қатысушылар Абай көшесінен аспалы көпірге жүгіріп, Тұрлыханов көшесінен сол жағалаудағы айналма жолға түседі.

Ары қарай Тәңірбергенов көшесінен көлік көпіріне қарай өтіп, қайтадан Абай көшесіне шығады. Марафон кезінде бұл көшелер жабылады.

Жүргізушілерден бағытты алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз, өйткені сол жағалаудағы айналма жол Әуезов даңғылы мен Бозтаев көшесінен жабылады. Тұрғындар Рысқұлов көшесіне бару үшін Селевин көшесімен, одан әрі Рыков немесе Автодорожная көшелері арқылы өтуі керек. Сондай-ақ Спартак немесе Кәрменов көшелері арқылы Глинка, Докучаев және Би Боранбай көшелеріне барып, аспалы көпірге шыға алады. Ары қарай Абай көшесінен басқалары түгелдей ашық болады, - делінген ақпаратта.

EL.KZ
Бөлісу: