Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығында:
Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығы:
1) Жайлыбай Ғалымға, ақын – «Ай таңбалы арғымақ» өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін;
2) Жақыпбай Нұрқанатқа, режиссер – «Жібек» мюзиклі үшін;
3) Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлына, әнші – «Жүрегім нені сезесің?» концерті үшін;
4) Сәукетаев Тұрыспекке, жазушы – «Желқайық» романы үшін;
5) Сегізбай Кәдірбекке, жазушы – «Тағдыр толқыны» романы үшін;
6) Смағұлов Сембіғали Абзалбекұлына, мүсінші – «Үш арыс» мүсіндік композициясы үшін;
7) Тұрысбек Секен Кәрімұлына, композитор – «Тәтті мұң» ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы үшін берілсін.
2. Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.