28.09.2023
17:15
4604
Абай Асылхан мен Жәнел Мақажан қызын перзентханадан шығарды

Абай Асылхан мен Жәнел Мақажан қызын перзентханадан шығарды

Танымал жұп Абай Асылхан мен Жәнел Мақажан қызын перзентханадан шығарып алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Абай Асылхан қуанышты хабарын Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.

Оқи отырыңыз:

Перзентханадан шықтық. Бұл сәтті ешқандай шусыз, шар, қымбат көлік пен топырлаған адамдарсыз үшеуміз ғана өткізгіміз келді. Неге? Себебі өмірдің әрбір сәтін сезінетін кезге жеткен сияқтымыз. Әрқайсыңызға ата-ана бақытын сезінуді нәсіп етсін, - деп жазды актер.

Айта кетейік, актриса Жәнел Мақажан жақында үшінші сәбиін дүниеге әкелді. Жұлдызды жұптың қызына қандай есім қойғаны жайлы бұған дейін жазған едік.