"Жас Абай" драмасы көрермен назарына ұсынылды

23.11.2021 12:13

Әзірбайжан Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрында Мұхтар Әуезовтың «Жас Абай» драмасы көрермен назарына ұсынылды. Мұнда ақынның көпке танымал өлеңдеріне жазылған әндері шырқалып, бір-бірін құлай сүйген Абай мен Тоғжанның махаббат оқиғасы сахналанды. Сондай-ақ драмада тұңғыш рет ақынның қарындасы Кәмшаттың өлімі қозғалды.