Абаттандыру ережесін бұзған 103 астаналық жауапқа тартылды

21 Мамыр 2023, 07:18 619

Елордада абаттандыру ережесін бұзған 103 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Елорданың санитарлық жағдайын жақсарту, абаттандыру және рұқсат етілмеген үйінділерді қалыптастыру ережелерін бұзудың жолын кесу мақсатында 18 мамыр мен 24 мамыр аралығында «Таза қала» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп делінген Polisia.kz таратқан хабарламада.

Талдау көрсеткендей, негізінен құрылыс компаниялары табиғат  қорғау заңнамасын бұзып жатады. Іс-шараның алғашқы күнінде 254 заң бұзушылық анықталып, оның ішінде ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша қала аумағын абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 103 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.

Берік Арманов
Бөлісу: