24.12.2024
06:16
1304
Абат Айымбетов Түркияда үшінші матч қатарынан гол соқты

Абат Айымбетов Түркияда үшінші матч қатарынан гол соқты

«Адана Демирспор» клубының қазақстандық жартылай қорғаушысы Абат Айымбетов Түркия біріншілігінде шеберлігін көрсетуді жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айымбетов Суперлиганың 17-турының аясында «Хатайспор» қақпасына 75-минутта гол соқты. Ұлттық құрама шабуылшысы оң жақ қапталдан келген допты қақпаға дәл бағыттап, есепті өз клубының пайдасына 3:1-ге жеткізді.

Айта кетейік, Айымбетов Суперлигада осымен үшінші матч қатарынан мергендік танытып отыр. Бұған дейін жерлесіміз «Бешикташ» (2:1) пен «Гёзтепе» (1:3) клубтарының қақпаларынан саңылау тапты. Осылайша, Абат 11 ойында үш голмен ерекшеленді.