Абат Айымбетов Түркия чемпионатында гол соқты

8 Желтоқсан, 08:35 454

Түркияның «Адана Демирспор» клубында ойнайтын Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов биылғы маусымдағы алғашқы голын соқты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Адана Демирспор» Түркия Суперлигасының 15-турында «Гёзтепе» командасына қонаққа барған. Матч 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. «Гёзтепе» сапынан Жуан Сантос (39-минутта), Ромуло (42-минутта) және Давид Тиянич (60-минутта) мергендік танытты. «Адана Демирспордан» жалғыз голды Абат Айымбетов (88-минутта) салды.

Отандасымыз алаңға 57-минутта шыққан. Абат осыған дейін мамыр айында «Антальяспор» қақпасын дәл көздеген еді. Бұл жолғы голы осы маусымдағы алғашқысы болып тұр.

Осы жеңістің арқасында «Гёзтепе» 24 ұпаймен төртінші орынға көтерілді. Бұл команда «Астана» клубы мен Қазақстан ұлттық құрамасының экс-бас бапкері Станимир Стоилов жаттықтырады.

Перизат Саденова
Бөлісу: