Ағза трансплантациясын жасатқан пациенттер арасында жарыс өтеді

5 Тамыз 2022, 21:46 1527

Бүгінде 3 мыңнан астам қазақстандық ағзаларды ауыстыруды қажет етеді, олардың ішінде 2022 жылғы маусымға 79 бала келеді.

8-11 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Жәнібек Оспановқа жасалған алғашқы жүрек трансплантациясының 10 жылдығына арналған республикалық спорттық жарыстар өтеді, деп хабарлайды EL.KZ

Осыдан он жыл бұрын, 2012 жылғы 8 тамызда Қазақстанда өлімнен кейінгі донордан ағзаларды ауыстыру бойынша алғашқы операция жасалды.

Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен ағзаларды трансплантациялаудан өткен немесе диализде жүріп, құтқару операциясын күтіп жүрген 150-ден астам адамның қатысуы күтілуде.

Жарысқа қатысушылардың әрқайсысының артында донорлық органды трансплантациялау нәтижесінде пайда болған қиындықтар мен жаңа өмірге деген қуаныштың ерекше оқиғалары тұр. Біздің қоғамдық ұйым осы жарыстарды Қазақстанда органдарды трансплантациялау проблемасына қоғамның назарын аудару үшін ұйымдастырады, бұл шара елде донорлықты дамытудың және трансплантациялауды күтіп отырған мыңдаған ауыр науқастарды құтқарудың маңыздылығы туралы ойлануға шақырады, - дейді спорттық форумның ұйымдастырушысы және қатысушысы, "Өмір тынысы" трансплантацияланған науқастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жәнібек Оспанов.

Аталған қоғамдық ұйым Қазақстанда трансплантациядан кейін адамдардың өмір сүру сапасы мен ұзақтығын жақсартуға және өлімнен кейінгі донорлықты және ағзаларды алмастыруды дамытуға жәрдемдесуді мақсат етіп қойды. "Өмір тынысы" 17 елді біріктіретін Дүниежүзілік және Еуропалық трансплантациядан кейінгі спорт федерациясында Қазақстанның атынан шығады және өзге де халықаралық жарыстарға қатысады. Қазақстандықтар мұндай турнирлерде жиі жүлделі орын алып, жеңімпаз атанып жатады.

Қазақстанда алғашқы трансплантацияның 10 жылдығына арналған республикалық жарыстар әртүрлі жас санаттарында спорттың бес түрі - жүзу, үстел теннисі, боулинг, волейбол, дартс бойынша өтеді.

Бүгінгі таңда трансплантология науқастың өмірін сақтап қана қоймай, оның өмір сүру сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық медициналық көмектің ең танымал түрлерінің бірі болып табылады.

Бүгінде 3 мыңнан астам қазақстандық ағзаларды ауыстыруды қажет етеді, олардың ішінде 2022 жылғы маусымға 79 бала келеді. Кейбір пациенттердің есебі күндерге емес, сағаттарға кетеді. Қазақстандықтар ағза ауыстурудан бүйректі - 90,5%, бауырды – 4,7%, жүректі – 4,2%, өкпені -0,5%, өкпе-жүрек кешенін – 0,1% қажет етеді.

Қазақстанда жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, ұйқы безі трансплантациясы жүргізіледі. 2012 жылдан бастап 2105 ағзаларды транспланттау жүргізілді, оның ішінде тірі кезіндегі донорлар – 84% және өлімнен кейінгі донорлар - 16%.

Қазақстанда 6 транспланттау орталығы, 40 донорлық стационар, 26 стационарлық және 16 өңірлік транспланттау үйлестірушілері жұмыс істейді.

2012 жылдан бастап Трансплантация бойынша республикалық үйлестіру орталығы жұмыс істейді, оның басты міндеті елде ағзалық донорлықтың тиімді ұлттық жүйесін құру болып табылады.

2022 жылдың 1-ші жартыжылдығында республиканың транспланттау орталықтарында ағзаларды ауыстыру бойынша 104 операция жүргізілді: оның ішінде өлімнен кейінгі 2 донордан 7 орган және тірі кезіндегі донорлардан 97 орган алынды.

Сондай-ақ, қазақстандықтар транспланттау мақсатында ағзаларды өлімнен кейінгі донорлыққа өмірлік ерік білдірулерін egov.kz порталы арқылы тіркеуге құқылы.

Осылайша, 2020 жылдан бастап порталда 18 000 – ға жуық өтінім тіркелді, оның ішінде 17 000-нан астамы бас тартылды, 1000-ға жуығы келісілді.
Жалпы, қоғамда орган донорлығына тілектестік қатынасты қалыптастыру Қазақстанның денсаулық сақтау саласының маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.

Трансплантология мен орган донорлығын дамыту туралы барлық ақпарат www.transplant.kz сайтында, сондай-ақ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметті үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram) ресми аккаунттарында орналастырылған.

Іс-шараға ҚР премьер - Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжанов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Д. А. Абаев, ҚР ДСМ министрі А. Ғиният, ҚР Мәжіліс депутаттары, трансплантолог дәрігерлер, қоғам қайраткерлері қатысады деп жоспарлануда.

"Өмір тынысы" бірлестігінің бас серіктестері - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ және «Sport Qory» спортты қолдау қоры.

EL.KZ
Бөлісу: