Ақтауда жігіттерді ұрып-соққандар туралы таралған ақпарат жалған - полиция

16 Қыркүйек 2022, 16:15 1398

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті

Әлеуметтік желіде Ақтауда жігіттерді ұрып-соққандардың суреті мен олар туралы ақпарат таратылды. Бұл мәліметтер шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды El.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Фотода көрсетілген жеке мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Қазіргі уақытта полиция департаменті бұл мәліметті таратушының жеке басын анықтау фактісі бойынша қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, бетін тұмшалап, екі азаматқа күш қолданған үш күдікті Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

Бөлісу: