17.08.2022
23:51
1508
Ақтаудағы пәтерден ер мен әйелдің мәйіті табылды

Ақтаудағы пәтерден ер мен әйелдің мәйіті табылды

Маңғыстау облысында көпқабаттың үйдегі пәтерлердің бірінен ер адам мен әйелдің мәйіттері табылды, деп хабарлайды EL.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

17 тамыз күні сағат 10:40 шамасында «102» кезекші пультіне 14 шағынаудандағы пәтерлердің бірінен ер мен әйел адамның мәйіттері табылғаны туралы шақыру түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Полиция департаментінің және прокуратураның басшылығы барды. 28 жастағы күдікті «ізін суытпай» анықталып, ұсталды. Ол Ақтау қаласы Полиция басқармасына жеткізілді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді, - делінген полиция мәліметінде.