Ақтауда теолог мамандар жастарға дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтанудың амалдарын түсіндірді

21 Қараша 2018, 03:40 2671

Ақтау қаласындағы Достық үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қазақстан экстремизмге қарсы» тақырыбында кездесу өтті.   

Жиын барысында орталық «Бекет ата» мешітінің наиб-имамы Асқар Ахлиддин дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар және оларды ажырату жолдары туралы мағлұмат берді. Ислам дініндегі дәстүрлі емес ағымдар тарихына шолу жасай келе, әлемде, елімізде бой көрсетіп жүрген экстремистік және лаңкестік әрекеттердің зардаптары мен кері әсерін нақты мысалдармен түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар, Маңғыстау облыстық Дін істері басқармасы жанындағы ақпараттық талдау орталығының дінтанушы-маманы Пиязбек Айтмаханбет экстремистік бағыттағы діндердің қоғамға қаншалықты қауіпті екендігін түсіндіріп, арнайы бейнеролик көрсетілді.

Жиын соңында студенттер мамандарға аталмыш мәселеге қатысты сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды.

Бөлісу: