04.10.2022
15:19
1890
Ақтауда Ресей азаматтарын тонағандар ұсталды

Ақтауда Ресей азаматтарын тонағандар ұсталды

Ресей азаматтарының 200 еуросын ұрлап кеткен Ақтаудың екі тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды El.kz.

Оқиға 11 шағынауданның 39-үйінің маңында болған.

«Зардап шегуші тарап аталған оқиға туралы Ақтау қаласы Полиция департаментіне арызданып, шара қолдануын сұраған. Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігімен іс тіркеліп, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген баспасөз мәліметінде.

Тексеру барысында 2 күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалған.