Ақтауда этномәдени бірлестіктер қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттаудан сайысты

16 Қыркүйек 2019, 12:42 3673

Ақтаудың Достық үйінде «Ұлт қазынасы – Бірлік» тақырыбында этно-мәдени бірлестіктер арасында қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттау бойынша сайыс өтті.


Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.


Ортаға қазақ ауылын бейнелейтін сахна іспеттес киіз үй құрылып, қазақтың ұлттық тағамдары қойылған дастархан жайылды. 

Сайысқа облыстағы жиырма этномәдени бірлестік өкілдері 4 ауылға  бөлініп, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін насихаттаудан сайысқа түсті.


Байқау соңында қатысушылар арнайы дипломдармен  марапатталды.


Бөлісу: