Ақтауда дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттейтін Отбасы орталығы ашылды

20 Наурыз 2019, 03:27 2145

Ақтаудағы Достық үйінде Маңғыстау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, аналар кеңесі және облыстық сот бірлесі отырып ұйымдастырылған Отбасы орталығы ашылды.

Орталықтардың құрудағы мақсат – дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институттутарын әйгілендіру, неке-отбасы қатынастарынан туындайтын даулардың санын азайту және жанұялық құндылықтарды нығайту.

«Заңдар уақыт пен жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін, отбасылық құндылықтар тұрақты болуы тиіс. Отбасының ішінде кез келген теріс қылық жасалуы мүмкін. Ал біз болсақ, биліктің бір тармағы ретінде азаматтарға отбасыларын сақтап қалуда көмек көрсетуіміз үшін мүмкіндігімізше барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз керек», – деді Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ержан Қарабаев салтанатты ашылу рәсімінде. 

Отбасы орталығы іші жайлы, жүгінген адамдардың өтініштері құпиялы болады. Онда психолог пен медиатордың кабинеттері жұмыс істейді. Жайлы жиһазбен жабдықталған ғимараттың ішінде медиацияның артықшылығын жеткізетін түрлі ақпараттық материалдар бар.  

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина 1 наурыз күні Маңғыстау облысы ҚХА ұйымдастыруымен алғыс айту күніне орай өткізілген «Мейірім, бірлік, алғыс» қайырымдылық мерекесінде жүрегі жомарт, қайырымды жандардың көмегімен 2,5 млн теңге көлемінде жиналған қаражатты аз қамтылған отбасыларға салтанатты түрде табыс етті.  

Бөлісу: