Қаңтар оқиғасында қару ұрлаған алматылық сотталды

11 Шілде 2022, 14:43 1034

Сотталушыға 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында 33 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды El.kz аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 291-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы «Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу» бойынша қаралды.

33 жастағы сотталушы тергеумен анықталмаған адаммен бірге төтенше жағдай кезінде жұмыс істеген қару-жарақ дүкеніне заңсыз кіріп, құны 204 733 теңге Beretta Perennia III маркалы тегіс ұңғылы қарудың 1 данасын, құны 187 557 теңге ATA ARMS маркалы тегіс ұңғылы қарудың 1 данасын ұрлағаны анықталды.

Прокурор айыптауды қолдап, соттан 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Екі кәмелетке толмаған баласының болуы, кінәсін ішінара мойындауы және сотталушының жасы жазаны жеңілдеткенімен, төтенше жағдай кезінде қылмыс жасауы оны қиындатты.

«Заң бойныша аталған қылмыс үшін 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот үкімімен сотталушы алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында атыс қаруын ұрлағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады Алмалы аудандық сотының баспасөз қызметі.


Бөлісу: