Қаңтар оқиғасы кезінде 232 адам көз жұмған

29 Маусым 2022, 12:35 2124

Қаңтарда ҰҚК мен ІІМ-нің 15 қызметкері ұсталғандарды азаптады деген күдікке ілінді

Қаңтар оқиғасынан кейін азаптау фактілері бойынша 15 қызметкер күдікке ілінді. Қазір соның ішінде тоғызы қамауда отыр. Бұл туралы бас прокурор орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, – деп хабарлайды El.kz порталы  Sputnik Қазақстан -ға сілтеме жасап.

Шындалиевтің айтуынша, қаңтар оқиғасы кезінде 232 адам көз жұмған. Ал тағы алты адам түрмедегі азаптаулардан кейін қаза болды.

– Қазіргі таңда азаптау бойынша 15 адам күдікті деп танылды. Соның ішінде тоғызы қамауда отыр. Олардың сегізі – ұлттық қауіпсіздік комитетінен, біреуі полициядан, – деді Шындалиев мәжіліс кулуарында.

Қалғандары бостандықта, оларға ел аумағынан шығуға тыйым салынған. Шындалиев тергеу әлі жүріп жатқанын айтты.

Бөлісу: