30.06.2022
17:38
1682
Қаңтар оқиғасы бойынша 445 адам сотталды

Қаңтар оқиғасы бойынша 445 адам сотталды

Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды El.kz

Қаңтар оқиғасы бойынша сотқа 392 қылмыстық іс жолданды. Олар бойынша 445 адам сотталды. Билік өкілдеріне қарсы күш қолданып, мүлікті жоюға байланысты ауыр қылмыс жасаған, залалды өтемеген, өтелмеген соттылығы бар 46 отталушы бас бостандығынан айырылудың нақты мерзіміне сотталды. Қазіргі таңда 514 күдікті қамауда жатыр. Олар ғимараттарды өрттеуге, атыс қаруларын жымқыруға, құрылымдық күш қызметкерлеріне белсенді атсалысқан, - деді Қилымжанов.

Оның айтуынша, әрбір қамауға алынған адам бойынша қылмысқа қатыстылығы бойынша барлық ақпарат бар.