Президент қаңтар оқиғасына қатысқан азаматтарға бір реттік рақымшылық жариялады

1 Қыркүйек 2022, 12:12 1217

Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр.

Бұл жайында Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына жолдауында айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр. Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан, мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым», - деп атап өтті ҚР Президенті.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы рақымшылық тәртіпсіздік ұйымдастыруға қатысқан басты күдіктілерге, мемлекетке опасызсыздық жасау және билікті күшпен басып алуға айыптыларға жасалмайтынын нақтылады.


Бөлісу: