«Жаңғыру Жолы» РЖҚ өңірлік штабының ұйымдастыруымен Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының қолдауымен Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған дәстүрлі «Брейн-ринг» облыстық зияткерлік турнирін ұйымдастырып өткізді.
Турнир ҚХА жастары және Ақтөбе облысының техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері арасында өтті. Атап айтқанда, 5 этномәдени бірлестіктер мен 21 колледждің студенттері, соның ішінде 3 аймақтық колледждер бар.
Ойын 2 лигада өтті: қазақ және орыс тілінде. Сұрақтар Қазақстан халқының тарихы мен салт-дәстүрлері, облыстың тарихи өлкетану зерттеулері, этнография мен географияның негізінде өрбіді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, зияткерлік турнирдің басты көздеген мақсаты жастар арасында Қазақстан халықтарының мәдени мұрасы, өскелең ұрпақтың сыйластығы, махаббаты, мәдениетке деген толеранттылық, Қазақстан халқының мұралары, өткені мен болашағы туралы білім беру, жастардың тарихи танымдық қызығушылығын арттыру, өзін-өзі тәрбиелеуді ынталандыру арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жүйесіндегі басты құндылықтарды насихаттау еді.