Ақтөбелік әйел алаяққа алданып, 6 млн теңгеден айырылды

12 Қыркүйек 2022, 17:45 864

Полиция департаменті сақ болуға, алдаулар мен азғыруларға бой алдырмауға шақырады

Ақтөбелік әйел 6 млн теңгеден астам қаражатын алаяққа беріп қойды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Белгісіз біреу 55 жастағы әйелдің ұялы телефонына қоңырау шалып, өзін қаржы ұйымының қызметкері ретінде таныстырып, инвестициядан ақша табуды ұсынған. Жәбірленуші әйел телефондағы қосымша арқылы қаскүнемдер көрсеткен шотқа 6,7 млн теңге ақша салған. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және күдіктілерді анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде. Полиция департаменті сақ болуға, алдаулар мен азғыруларға бой алдырмауға шақырады.

Бөлісу: