Ақтөбедегі Савицкийлер отбасы: Ассамблеяның үздік үлгісі

23 Сәуір 2019, 00:00 2893

Ақтөбедегі Савицкийлер шаңырағында отбасы мүшелерін ұлтқа бөлмейді. Әр түрлі этностардан келген ерлі-зайыптылар, олардың балалары, күйеу балалары мен келіндері бір-бірінің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін құрметтейді. Олар өз өмірлерінде кез келген адамды құжаттардағы баған бойынша емес, оның  жасаған әрекеттерімен бағалау қажет деген қағидатты ұстанады.

Израильде де интернационалдық үйлену тойы өтті: ерлі-зайыпты Савицкийлер қыздарын  дағыстандық жігітке күйге берді. Бізде де толық интернационал сақталған дейді, - Андрей мен Мария. Олар өздерінің ата-бабаларының қатарында еврей, украин, орыстар мен татарлардың қаны барын мақтан тұтады. Ерлі-зайыпты Полина Яковлена мен Константин Антонович Савицкийлердің бір шаңырақта өмір сүргендеріне – 27 жыл. Полинаның ұлты – еврей, ал Константиннің бойында екі ұлттың қаны бар. Оның анасы татар, әкесі орыс ұлтынан екен.

Ақтөбедегі «Шалом» еврей этномәдени бірлестігінің төрайымы, Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының жетекші әртістерінің бірі Полина Савицкая болашақ жұбайымен 1984 жылы танысқан.  

- Менің құрбымның күйеуі жұмыс жасаған авиацияда Константин да қызмет ететін, -  дейді Полина Яковлевна. Міне, бізді солар таныстырды. Константиннің ата-анасы Қазан қаласының тумалары, кейін Сталиндік қуғындау жылдарында интернационалдық отбасын репрессиялап, Қазақстанға жіберді. Оның анасы театрды жақсы көрді. Бір кездері олар Пушкин атындағы саябақтың жанындағы үйлердің бірінде тұрған. Сол уақыттарда олардың үйіне гастрольдік труппаның актерлері қонақ ретінде барып тұрды. Менің әртіс екенімді және бірінші некемнен бір балам бар екенін білсе де оның анасы ұлына ақ батасын берді. Енем менің жарқын мінезімді ұнатып қалды. Ол кісінің «Полина ешқашан көңілсіз жүрмейді» деген сөздері әлі күнге дейін есімде. Біз 1986 жылдың 1 сәуірінде некеге қол қойсақ, сол жылдың мамыр айында біздің  қызымыз Маша дүниеге келді.

Қазіргі таңда ерлі зайыпты Савицкилердің екі баласы Израильде тұрып жатыр.

Ұлымыз Андрей осыдан 13 жыл бұрын Израильге қоныс аударды, -  дейді Полина Яковлевна. Сондай-ақ, ол баласының сол жақта бойында өзбектің де, еврейдің де қаны бар, түп тамыры Ташкенттік қызбен танысқандығын айтты. Өткен жаз мезгілінде олар орыс мейрамханасында тойларын өткізді. Келінім Ирина палауды жақсы дайындайды.

Қазір ұлым Андрей Израильде құрылыста прораб болып жұмыс істейді, бірақ ол медицина мамандығы бойынша  колледжді бітірген болатын. Ол Ақтөбеде  «Жедел жәрдемде» медбрат болып жұмыс істеді. Полина Савицкаяның айтуынша, оның қызы Мария сегізінші сыныпты аяқтағаннан кейін арнайы бағдарлама бойынша Алматыда сынақтан өтіп, Израильге кеткен. Ол интернатта үш жыл тұрып, орта білім алған. Одан бөлек, Мария екі жыл әскерде қызмет етіп,  кейін Иерусалим университетіне оқуға түскен. Одан әрі ол дағыстандық жігітке тұрмысқа шығып, бала сүйді. Кейін үш айғы декреттік демалысынан кейін қыздары Мария (бала күтіміне Израильде көп ақша төленбейді) аурухананың босанғаннан кейінгі бөлімшесінде медицина жолымен қарапайым санитардан акушер-дәрігердің көмекшісі қызметіне дейін өседі. Оның күйеуіне бір кездері аспаздық іспен айналысуға да тура келді, ал қазір ол компьютерші.

Біз Израильге жыл сайын балаларымыз бен немерелерімізді көруге барып тұрамыз, – дейді актриса. Маған салса, ол жаққа жиі барып тұрғандығымызды  қалаймын, бірақ көбіне күйеуімнің мүмкіндігі бола бермейді. Оның жұмысы өте жауапты, ол инженер-авиатор болып жұмыс жасайды.

Міне, біздің отбасымызда барлық ұлттың қаны араласқан: мысалға, менің ұлымда украин мен орыстың және еврейдің қаны бар, ал қызымда татар мен орыстың, еврейдің қандары аралас, - дейді Полина Яковлевна. Ал немерелерімде одан да көп. Осылайша толық интернационал болып шыға келдік. Біздің жақын туыстарымыздың арасында неміс және қазақ та бар. Полина Савицкаяның айтуы бойынша, енесі көзі тірісінде татарлардың әдет-ғұрыптарын сақтаған және оларды мейлінше ұлы мен келінінің бойына дәріптеуге тырысқан.

Мен ешқашан енемнің бөлмесіне намаз кезінде кірмедім, – деп есіне алады актриса. – Біз ол кісіні мұсылман әдет-ғұрыптары бойынша жерледік. Енемнен бізге мұраға араб тілінде жазылған көне Құран кітабы қалды. Қызым әжесінен қалған қасиетті кітапты өзімен бірге Израильге алып кетті.

Савицкийлер отбасы уақыттары мен мүмкіндіктері болған кезде ұлттық мерекелердің барлығын атап өтуге тырысады.

Татарлардың Сабантой мейрамын тойлағанды жақсы көремін, әсіресе олардың тәтті бәліштері мен басқа да тағамдарын ұнатамын, - дейді Полина Яковлевна. Мен татарлардың қамыр илеуден ең үздік аспаз екендеріне сенімдімін. Еврей халқының асханасында да өте дәмді тағамдар бар. Қолым босаған уақытта жолдасыма еврей ұлтының дәмді астарын дайындап беруге тырысамын, себебі ол сол тағамдарды жақсы көреді.

Мен кез келген дінді құрметтеймін, – дейді Полина Савицкая. – Ешқашан адамдарды ұлтқа бөлмеймін, себебі әрбір ұлт өзінше ұлы болып саналады. Тарихымыздан орыс, қазақ, еврей және басқа да этностар арасында қаншама аса көрнекті тұлғалар белгілі.

Қазақстан менің Отаным болғандықтан, қалайша қазақ халқын жақсы көрмеуім керек? Менің күйеуім татар болса, татарларды қалай жақсы көрмеуім керек? Кез келген ұлтты кемсітуге қарсымын. Менің достарым мен құрбыларым арасында чехтар, поляктар, армяндар, әзірбайжандар бар. Кез келген адамды ұлты бойынша емес, оның әрекеттері бойынша бағалау керек. Егер бәрі осындай принцип бойынша өмір сүретін болса, біз қақтығыстар мен соғыстан қашық боламыз.

Бөлісу: