20.07.2022
01:19
2655
Ақтөбеде қатты жел бірнеше ғимараттың шатырын ұшырды

Ақтөбеде қатты жел бірнеше ғимараттың шатырын ұшырды

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында қатты жел соғып, бірнеше әлеуметтік нысан мен үйдің шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды  El.kz.

Облыстық ТЖД кезекші - диспетчерлік пультіне Шалқар қаласындағы дауыл туралы ақпарат 19 шілде күні сағат 21:50-де түскен.

– Қатты жел кезінде №2 мектеп шатырының бір бөлігі ұшып кетті. Ауданы 100 шаршы метрді құрайды. Сонымен бірге «Азамат» спорт кешенінің де шатыры зақымданды. Онда 50 шаршы метрі ұшып кетті. Сондай-ақ жеке үйдің шатыры бүлінді. Жергілікті атқарушы билік тарапынан 22 адам мен 5 техника жұмылдырылды,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Қазіргі кезде ұшқан жабындылар жиналды, ешкім зардап шеккен жоқ.