Ақтөбеде еңбек ардагерлеріне қошамет көрсетілді

1 Қазан 2018, 10:34 1923

Ақтөбе қаласында облыстық мәдениет, білім салалары, құқық қорғау органдары, мен «ҚазХром» АҚ еңбек ардагерлеріне қошамет көрсетілді.

Аталмыш мерекелік шараны Ақтөбе облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырып өткізді.

«Наставник» халықтық ардагерлер хоры, этномәдени бірлестіктердің көркемдік ұжымдары – «Назерке» халықтық би  ансамблі, «Оксана» уУкраин халықтық хоры, «Дети гор» әзірбайжан ансамблі, «Дэш» сыған ансамблі, «Чхинсон» корей ұжымы, «Русская песня» хоры, «Святло» поляктар этномәдени бірлестігінің сансофонисі И. Цыбульский  мен «Файльхен» неміс ансамблі мерекелік кеш қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар Есілдің жағалауындағы Астананың 20-жылдық құрметіне этномәдени бірлестіктерінің ұжымдары әндерін арнап, тыңдармандарға ерекше әсер қалдырды.

Бөлісу: