Ақтөбеде «Бүгінгі қыз – ертеңгі ана» атты дөңгелек үстел өтті

5 Қазан 2018, 12:19 5089

Халықаралық қыздар күніне арналған Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы толеранттық мәселелермен шұғылданатын облыстық Аналар кеңесі және С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің Медициналық-әлеуметтік колледжінің оқытушыларының ұйымдастыруымен  «Бүгінгі қыз – ертеңгі ана» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – қоғамдағы қыз бала құндылықтарының маңызын талқылау; отбасының ұлттық рухының  отбасынан басталатынын дәлелдеу; рухани-моральдық құндылықтарымыздың ата-анадан, туған-туыстан алатынын, құндылықтардың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғастынын және қайнар көзі екеніне түсінік беру.

Іс-шара жұмысына облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы толеранттық мәселелермен шұғылданатын Аналар Кеңесінің мүшелері, «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» «Қоғамдық келісім» ММ қызметкерлері, С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің медициналық-әлеуметтік колледжінің оқытушылары, магистрлері мен студенттері, Ақтөбе облыстық өлкетану-тарихи музейінің ғылыми қызметкері, БАҚ өкілдері қатысты.

С. Байішев атындағы Ақтөбе университетінің медициналық-әлеуметтік колледжінің «Білім беру» бірлестігінің жетекшісі, жоғарғы санатты оқытушысы Айкүміс Түлкібаева «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбында және медицина ғылымдарының магистрі Алтынай Артықбаева «Ұлт тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» тақырыбында баяндамаларын оқыды.

Ақтөбе облыстық өлкетану-тарихи музейінің бөлім меңгерушісі, «Шолпы» қыздар клубының жетекшісі Алмагүл Сарыбай «Қызды тәрбиелегенің – бір ұрпақты тәрбиелегенің» деген ата-бабамыздың ұлы сөзін жастардың бойына

сіңірді. Барлығы 70 адам қатысты

Бөлісу: