Ақтөбеде Алғыс айту күніне орайластырылған студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы өтті

28 Ақпан 2019, 07:17 2371

Ақтөбе облысының Қазақстан Ассамблеясының ғимаратында «Жаңғыру жолы» РЖҚ аймақтық штабы облыстық ҚХА хатшылығының және «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен «Ақтөбе жастары жаңғыру жолында» атты облыстық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ғылыми форум 1-наурыз – Алғыс күніне орайластырылды.

Аталмыш конференция жастардың елімізде тұратын халықтардың тарихына танымдық қызығушылығын арттыруға, әрі қарай өз білімін жетілдіруге ынталандыруға бағытталған.

Жобаны қорғау 3 секция бойынша жүзеге асырылды: «Менің халқымның тарихы», «Менің халқымның дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» және «Кеңестік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін тарихы».

Тарих ғылымдарының докторы Рахым Бекназаров өзінің тарихи тамыры туралы ұмытпайтын, бірақ өз болашағын Қазақстанмен байланыстыратын жастардың танымына қызығушылық танытты.

Конференцияны қорытындылай келе ол конференцияға қатысушылардың басым көпшілігінің мемлекеттік тілде сөз сөйлегенін тілге тиек етті. «Менің ойымша, бұл-бүгінгі ұрпақтың икемделгіш келетіндігіні көрінісі екендігіне назар аударды.

 

Тағы да оқыңыздар:

ТАЛДЫҚОРҒАНДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КОНЦЕРТ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАРИХИ ҚҰЖАТТАР КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ «АТАМЕКЕН» БАЛАЛАР АУЫЛЫНДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

Бөлісу: