Ақтөбе облысының 88%-ы көгілдір отынмен қамтылған

28 Наурыз 2018, 04:16 1642

 

28 наурызда «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында«Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен этномәдени бірлестіктердіңжастарымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің

Дөңгелек үстелге «Нұр банк» АҚ АФ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ АФ, «Қаз Транс Газ Аймақ» АҚ АФ, «Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің» қызметкерлері қатысып, алдағы жылдардағы еліміздің әлеуметтік салаларында жоспарланып отырған өзгерістердіңнегізгі бағыттарына тоқталып, үндеудің маңыздылығын атап өтті.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ АФ директорының орынбасары Ізімбетова Жанар «7-20-25» бастамасы жас мамандардың баспана мәселесін шешуге, баспаналы болуға оңтайлы жағдай туғызатынына сенімділігін білдірді. «Қаз Транс Аймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалының техникалық бөлімінің басшысы Әлжанов Данияр 2025-ші жылға дейін Ақтөбе облысының барлық аймақтарына газ жүргізіледі деп пайымдайды. Қазіргі таңда Ақтөбе облысының  88%-ы көгілдір отынмен қамтылғандығын айтты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты жастардың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, әлеуметтік-экономикалық реформаны жүзеге асыруда азаматтық қоғамдағы бұқараны біріктіру. Заң факультетінің студенттері Президенттің үндеуін толық қолдап, болашақта оны жүзеге асыруға тырысатындығын мәлімдеді.

Бөлісу: