Ақтөбе облысында славян мәдениетінің күні аталып өтті

1 Қазан 2018, 06:11 1818

29 қыркүйекте Ақтөбе облысының Мартук ауданында славян мəдениетінің күні аталып өтілді.

Төртінші жыл қатарынан дəстүр бойынша қыркүйекте атап өтіліп келе жатқан славян мəдениетінің күнінде билер мен əуесқойлық қойылымдар концерті көрермендер назарына ұсынылады.

Дəстүр бойынша, концерт барлық этномəдени бірлестіктердің басын қосты. Көптеген ұлт өкілдері үлкен отбасы болып əн шырқап, би биледі. Мерекелік алаңда түрлі спорттық ойындар ойналды.  Мəртөк тұрғындары да қалыс қалмай ат салысты. Шаруашылықтар ет, көкөніс, бал, джем, қысқа дайындалған өнімдермен қолөнер бұйымдарын саудалады. Ең белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

 

Бөлісу: