Ақтөбе облысында ауыл тұрғынынан киіктің мүйізі тәркіленді

13 Қыркүйек 2022, 10:14 853

44 жастағы ер адам мал бағып жүрген кезде киіктің мүйізін далада тапқан

Шалқар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында жедел ақпарат алды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақпаратты тексеру кезінде шопан нүктелерінің бірінде, жертөленің ішінде полиция қызметкерлері 14 дана ақбөкен мүйізін тауып, тәркіледі. 44 жастағы ер адам мал бағып жүрген кезде киіктің мүйізін далада тапқанын түсіндірді.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-1 бөлігімен "Киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау" сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу: