Ақтөбе облысы жастар қозғалысының белсенділері қайырымдылық акциясын өткізді

19 Қыркүйек 2018, 04:14 1858

Ақтөбе облысында «Мың бала» ұлттық жобаның шеңберінде Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының облыстық штабы белсенділері Мәртөк отбасы үлгісіндегі үйдің тәрбиеленушілеріне барып қайтты.

Қайырымдылық акциясы Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының қолдауымен және «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысын қызметкерлерінің белсенді қатысуымен жүзеге асырылды.

Іс-шараның мақсаты – патриотизмді, азаматтықты қалыптастыру мен насихаттау.

Іс-шара шеңберінде отбасылық үлгідегі балаларға кітаптар, Ассамблеяның логотипі бар футболкалар табыс етілді. Бір топ жоғары сынып оқушылары салтанатты түрде «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының қатарына қабылданды.

Бөлісу: