Ақтөбе облысы ҚХА мен «Қоғамдық келісімнің» жаңа басшылары тағайындалды

3 Қазан 2019, 17:30 2472

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин аппарат жиналасында облыстағы өзге ұлт өкілдерінің шаңырағына айналған Ақтөбе облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының жаңа меңгерушісі мен «Қоғамдық келісім» директорын таныстырды.

Ақтөбе облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі болып Маржан Нағашыбекқызы Қорғанбаева тағайындалды.


М. Қорғанбаева Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық институтын мәдени-ағарту жұмысының ұйымдастырушы – әдіскері мамандағымен аяқтаған. Кейін Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын педагогика және психология бакалавры мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1989 жылы Ақтөбе облысының ғылыми-әдістемелік орталығының кіші ғылыми қызметкері болып бастаған М. Қорғанбаева, Ақтөбе қаласының мәдениет бөлімінің, қалалық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы болып қызмет істеді.

Облыс басшысы «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ директоры қызметіне Нұрхан Сабыржанұлы Ақниязовты тағайындады.


Н. Ақниязов Ақтөбе педагогикалық институтын тәмамдаған. Еңбек жолын Ақтөбе облыстық мәдениет бөлімі бастығының орынбасары қызметінен бастаған Н. Сабыржанұлы Алға ауданы әкімінің орынбасары, облыстық туризм және спорт басқармасының бастығы лауазымдарында жұмыс жасады. 2013-2019 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Жаңадан тағайындалған басшыларға облыс әкімі О. Оразалин жұмыстарына табыс тілеп, қажырлы еңбектерімен аймақтың дамуына қомақты үлес қосатындарына сенімін білдірді.

Бөлісу: