Ақтөбе облыстық ҚХА: «Рухани жаңғыру» бағдарламасы іске асырылуда

8 Тамыз 2019, 16:31 4173

Ақтөбе облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғимаратында этномәдени бірлестіктердің белсенді жастары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында ақпараттық керуен келіп жетті.


Құрамында «Жаңғыру жолы» РЖҚ төрағасының орынбасары, «Жарасым» РЖҰ төрағасы Тимур Джумурбаев, жас кәсіпкер Б. Молдагереева, аралас жекпе-жек спортынан чемпион Г. Дазаев, «Ұлттық Дельфи» комитетінің менеджері А.Түспекова, «Жаңғыру жолы» РЖҚ облыстық штабы мен БАҚ өкілдері бар керуен мүшелері жастарға «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты бағыттарын түсіндіріп, жалпыұлттық бірлік мәдениетін қалыптастырып, бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңғыздылығын жеткізді.


Іс-шара шеңберінде «Жаңғыру жолы» РЖҚ облыстық штабы төрағасының орынбасары И.Гнатюк аймақтық жастар қозғалысының атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.

Аралас жекпе-жек спортынан чемпион Г. Дазаев спорттағы жетістіктерін, бағындырған белестерін әңгімелесе, жас кәсіпкер Б. Молдагереева өз кәсібін дөңгелетіп алып кетудегі басты принциптерге, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Жастар жылы аясында көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізуге болатындығына тоқталып өтті.


Кездесу соңында Т. Джумурбаев Ақтөбе облысындағы ҚХА филиалына жарық көрген «Елбасы және халқы» атты кітапты сыйға тарту етті.  

Жиын басталмас бұрын елордадан келген қонақтар облыстық этномәдени орталықтардың ұлттық бұйымдары сақталған мұражаймен танысты. 

Бөлісу: