Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыТиын теңге үнемдейді.
Айдың соңына қарай айлықтан ештеңе қалмайды. Керісінше, қарызға кіріп кетеміз. Алайда тиімді қаржылық басқару арқасында шығындар көлемін қысқартуға болады.
Сатып алу
Бренд заттар
Брендтері аса танымал емес компаниялардың заттарын сатып алу аса қымбат емес. Қымбат йогурт, сүт немесе дәрінің құрамын оқып көріңіз. Танымал емес тауармен салыстырып көр. Арасында қатты айырмашылық жоқ екенін байқауға болады. Мысалы, дәрігер белгілі бір дәрінің сатылуына мүдделі болады. Сізге берілген ақпарат парағын алып, интернет арқылы оған ұқсас арзан дәрісін алуға да болады.
Банк картасы
Әдетте карточка арқылы төлеу ыңғайлы. Әрдайым әмианды тасып жүрудің қажеті жоқ. Сонымен қатар ақшаның сақтығы жоғары болады. Алайда, қолында шынайы ақшаны ұстамайтын адам, ақшаны тезірек құртады. Себебі, виртуалды ақшаны сезбейді. Сол себепті абай болу керек.
Комиссия
Басқа банктың банкоматынан ақша шешкіңіз келсе, қызмет үшін ақша төлеуге дайын болыңыз. Оның көлемі көп емес шығар, бірақ жиі жасалатын ақша аудару мен оны алу сіздің қалтаға қиын соққы болып тиеді.
Интернет-дүкендер
Қашықтықтан сатып алу үлкен жеңілдік сыйлайды. Бірақ оның да бірнеше кемшіліктері бар. Бірақ басқа дүкендерден айырмашылығы – бағаларының төмен болуында. Онлайн-алаңдарда ірі компаниялар мен танымал брендтер тауарларын үлкен жеңілдіктермен сатады.
Косметикалық заттар
Нәзік жандар үшін аса қажетті тауарлардың бірі. Себебі, қыздар әрдайым ару болып жүруі тиіс. Бірақ косметикалық заттарды алып қоймай, қолда бар заттармен де жақсы нәтижеге жетуге болады. Уақыт өте келе косметикаға кететін ақша көлемін қысқартуға болар еді. Бастысы керекті әдістерді білу.
Жоспар
Тауарды сатып алу үрдісін жоспарлауды үйрену керек. Қазіргі таңда оны мобильді қосымшалар арқылы іске асыру оңай. Не үшін ол керек? Мысалы, сіз керекті тауарды ұмытып кеттіңіз. Келесі күні қайта келу керек. Ол қосыша шығын, сонымен қатар келгенде тағы қосымша тауар алуға кетуі мүмкін.
Кездейсоқ сауда мен базар
Әдетте саудагерлер кешкі уақытқа қарай көнгіш келеді. Осы пайдалана білу керек. Базар саудаласу үшін жасалған. Саудагерлер кешке қарай бүкіл тауарларын сатып кетуге тырысады. Осыны қолдану керек. Сонымен қатар тұрақты түрде бір саудагерден тауар алатын болсаңыз, ол жеңілдіктер ұсынатын болады. Алдағы уақыттары алдамауға да тырысады.
Жоғарыда келтірілген мысалдарды байқаған болсаңыз, үнемшілдік ұсақ дүниелерден басталады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары