АҚШ Сенаты Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуын қолдады

4 Тамыз 2022, 10:00 1108

100 сенатордың 95-і аталған екі елдің НАТО-ға қосылуын жақтап дауыс берді

АҚШ Сенаты Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы өтінімдерін қабылдайтын қарарды қабылдады, деп хабарлайды El.kz nbcnews сайтына сілтеме жасап.

100 сенатордың 95-і аталған екі елдің НАТО-ға қосылуын жақтап дауыс берді, тек біреуі қарсы болды. Келісімді алу үшін 67 дауыс жеткілікті.

Енді НАТО-ға мүше барлық 30 ел өтінімдерді қабылдауы керек. Содан кейін ғана Финляндия мен Швеция мүшелікке толыққанды өте алады. 

Бөлісу: