Бұл туралы ақпаратты Еуропалық одақ өкілдері Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде мәлімдеді.
2015 жылы АҚШ, Қытай және Ұлыбритания келіссөз жүргізіп, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша түпкілікті мәміле жасасуға уағдаласқан еді.
Алайда билікке Дональд Трамп келген соң 2018 жылы Ақ үй аталған келісімнен шығып, Тегеранға қарсы санкциялар енгізді. Бұған қарымта жауап ретінде Иран ядролық қуатын қайта күшейтуді қолға алды.