АҚШ елшісі қазақстандықтарды елорда күнімен құттықтады

6 Шілде 2022, 13:01 1262

Қазақстандағы АҚШ елшісінің міндетін атқарушы Джуди Куо отандастарымызды астана күнімен құттықтады

Қазақстандағы АҚШ елшісінің міндетін атқарушы Джуди Куо отандастарымызды астана күнімен құттықтап, қаладағы сүйікті орындарын көрсетті, — деп хабарлайды El.kz порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Елші міндетін атқарушы Джуди Куо «Happy Capital Day» деп құттықтай отырып, 1 минуттық видеоролик ұсынады.

Онда Нұр-Сұлтан қаласының бірнеше нысаны көрініс тапқан. Атап айтқанда, «Бәйтерек» монументі, «Астана балет» театры, «Кенесары» ескерткіші, Есіл өзенінің жағалауы, мешіт, «Ханшатыр» ойын-сауық орталығы және «Атырау көпірі» көрсетілген.

Ролик Қазақстандағы АҚШ елшілігінің әлеуметтік желісінде жарияланды.

Бөлісу: