14.09.2022
16:10
1460
Жаңалықтар

«Ақордада» ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді салтанатты түрде қарсы алды

«Ақорда» резиденциясында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы әнұрандары орындалды.