Ақмолалық сарбаздар Қазақстан халқының түрлі тілдерінде ән айтты

2 Қазан 2018, 03:26 2067

 

Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімшеде Қазақстан халқы тілдерінің күніне орайластырған мерекелік шара өтті.

Аталмыш шара – Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен әскери бөлімшенің бірлескен жобасы. Оған Достық үйі мен әскери қызметкерлер арасындағы вокал шеберлері белсенді қатысты.

«Қазақстанды «халықтар достығының зертханасы» атауы бекерден емес. Мұнда өзіндік дәстүрі, мәдениеті мен салттары бар түрлі этностар өмір сүреді. Біз бір отбасында өмір сүріп, достық тілінде қарам-қатынас жасаймыз», - деген іс-шара жүргізушісі, жедел қызметтегі сарбаз Нұртас Тұрғанбайдың сөздері аталмыш кештің арқауына айналды.

Бұл күні Татьяна Кулыгина, Венера Хан, Оксана Самойленко, Сәуле Лаубаева, Олеся Цыгановалардың орындаған әндерінің әуезділігі, жанды тебірентер ырғағы  әскери бөлімше көрермендерін бейжай қалдырған жоқ. Сахна төрінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ҚХА жанындағы сүймелдеуші маман Бисара Мәкенованың домбырамен орындаған «Көкшетау», «Бозбала» әндерін жиналған қауым ерекше ықыласпен қарсы алды.

Сарбаздар мен офицерлар алдында «Ақмола облысының «Хатиква» еврей мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Владлен Погребицкий сөз сөйлеп, Достық үйінің эстрадалық тобының жетекшісі Ираида Пермякова да іс-шараға белсенді түрде атсалысты. Әскери бөліммен белсенді өзара қарым-қатынасы үшін 5510 ә/б тәрбие, әлеуметтік-құқықтық жұмыс бөлімінің аға көмекшісі, майор Өмірбек Сәрсенбаев Ассамблея мүшелеріне алғысын білдірді.

Іс-шара әскери қызметкерлердің әскери міндеттерін абыройлы атқарап қана қоймай, вокалды ән орындау мен Қазақстан халқының түрлі тілдерінде өлең оқитын таланттары бар екендігін аңғартты. Сонымен қатар Отан қорғаушылар Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының әртістерін мерекеге арнап дастархан басына өздері әзірлеген өзбек палауы мен қазақ бауырсағынан дәм татуға шақырды.

Бөлісу: