Ақмолалық полицейлер тағы бір ұрлықтың бетін ашты

18 Тамыз 2022, 20:27 958

Шығын сомасы 2 млн 216 мың теңгені құрады

Ақмолалық полицейлер тағы бір ұрлықтың бетін ашты, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

5 тамызда Егіндікөл АПБ-не өңірдегі ЖШС-ның бірінің басшысынан өтініш келіп түсті. Ер адам 2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың 28 шілдесіне дейін кәсіпорынның ангар бөлмесінен белгісіз тұлғалар John-Deere комбайндарының 5 стартері мен 15 борттық компьютерін ұрлап кеткенін хабарлады. Шығын сомасы 2 млн 216 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері екі күдіктіні анықтады, олар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған Астрахан және Егіндікөл аудандарының 32 және 35 жастағы тұрғындары болып шықты.

Бөлісу: