Ақмолада заңсыз жалға берілетін 130-дан астам пәтер анықталды

14 Қазан 2022, 18:42 881

Ақмола өңірінің аумағында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы 1 қазанда басталды

“Учаске” профилактикалық іс-шарасы аясында Ақмола полицейлері құжаттарсыз жалға берілетін 130-дан астам пәтерді анықтады, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола өңірінің аумағында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы 1 қазанда басталды. Бір ай ішінде полицейлер әкімшілік учаскелерде пәтерлер мен аулаларды аралайды, ІІО-да есепте тұрған адамдарды, азаматтық қару иелерін тексереді. 

Көші-қон заңнамасы бұзушылықтарының алдын алуға, елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді, заңсыз көші-қонды ұйымдастырушыларды, сондай-ақ шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған жұмыс берушілерді анықтауға ерекше назар аударылды. Іс-шараның аясында құқық қорғау органдары 297 мыңнан астам әртүрлі үй иеліктерін тексереді. Екі апта ішінде тәртіп сақшылары 40 мыңнан астам үй иесін аралап, иелер және тұрғындармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. 

Тексеру нәтижесінде тиісті құжаттарсыз және тіркеусіз жалға берілетін 132 пәтер анықталды, олар бойынша ұсынымдар құзыретті органдарға жіберілетін болады. Осы кезеңдегі полицейлердің ерекше бақылауында тұрғандар – есепке алынғандар, олар бұрын сотталғандар, алкоголизмнен, нашақорлықтан зардап шегетін адамдар, шартты түрде сотталғандар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, сондай-ақ “қиын” жасөспірімдер мен қару иелері. Учаскелік полиция инспекторлары мен көші-қон қызметінің қызметкерлерінің күшімен көші-қон заңнамасының 2000-нан астам бұзушылықтары анықталды. 

Бөлісу: