Ақмола облысының поляктар бірлестігі Ана күніне арналған іс-шара ұйымдастырып өткізді. Ана күні – ең жақын да қымбатты адам, аналарға арналған өте шуақты әрі жүрекке жақын мейрам.
Балақайлар, жоғары сынып оқушылары, педагогтар, ата-аналар тамаша музыкалық нөмірлерді орындай отырып, барша қатысушыларға жылулық сезімі мен бойларында бар асыл қасиеттерін сыйлады. Аналарға арналған бейнефильм өте әсерлі шықты. Балалар аналарын сахнаға шығарып, шар түріндегі өз жүректерін сыйға тарту етті.
Іс-шараның соңында Поляк бірлестігінің түлектері оқу жылын табысты аяқтап, бірлестіктің өміріне белсене атсалысқаны үшін Құрмет грамоталарымен марапатталды.