Ақмола облысындағы ауылдардың атауын өзгерту ұсынылды

26 Қыркүйек 2022, 19:39 2088

Ұсынысты ашық талқылау 4 қазанға дейін жалғасады

Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданындағы 2 ауыл мен 1 ауылдық округтің атауы өзгеруі мүмкін. Мұндай ұсыныс ашық талқыға шығарылған Ақмола облысы әкімдігі мен өңірлік мәслихаттың бірлескен шешімінде көрсетілген, деп хабарлайды El.kz

«Аршалы ауданының Донецкое ауылы – Анаркөл, Волгодонов ауылы –Елтоқ ауылы және Волгодонов ауылдық округі Елтоқ ауылдық округі деп аталсын», - делінген құжатта.

Ұсынысты ашық талқылау 4 қазанға дейін жалғасады.

Бөлісу: