Ақмола облыстық ҚХА 2018 жылды қорытындылады

27 Желтоқсан 2018, 04:37 1788

Көкшетау қаласындағы Достық үйінде Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы 2018 жылдың жұмысы қорытындысына арналған шара өткізді.

«Мен Достық үйіне келген сайын өзімді әркез өз үйіме келгендей емін-еркін сезінемін. Достық үйінің есігі әрқашан келем деушілерге айқара ашық», - деген ыстық лебізін білдірді Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова.

Жиналған қауымды Жаңа жылмен құттықтай отырып, Айна Ермекқызы жыл бойы бірлесе атқарылған жұмыс үшін этномәдени бірлестіктер белсенділеріне, ҚХАА басшылығына, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді.

Сонымен қатар, «Үздік медиатор 2018» республикалық байқауына қатысқан халықтық медиатор Ғайша Сыздықоваға ҚХА төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Леонид Прокопенконың қолы қойылған грамота табыс етілді.

ҚХА жастар қанатының белсенділері – Индира Нуралиеваға – өзбек этномәдени орталығы, Гоар Авагянға - армян этномәдение бірлестігі, Адам Яндиевке - инғұш этномәдени бірлестігі, сонымен қатар ҚХАА-ның жанындағы Сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының мүшесі – Гүлнар Орынбаеваға Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Көкшетау қаласында орналасқан 5510 әскери бөлімі бірнеше жылдан бері «Қоғамдық келісім» КММ-мен тығыз ынтымақтастық жасап, облыстық ассамблеямен бірлескен жобалар мен түрлі іс-шаралардың белсенді қатысушылары саналады.

Асхат Еркашев бастаған әскери бөлімнің қатардағы сарбаздары Бақдәулет Маматрайым, Ерасыл Рзабаев, Аслан Тастеміров осыдан бір ай бұрын орын алған өрт кезінде адам шығынын болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасағаны белгілі. Жанқиярлық ерлігі үшін аталмыш азаматтар алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов 2018 жылды ойдағыдай аяқтаған этнмәдени бірлестіктердің, ҚХА «Қазақтану» жобасының, Аналар кеңесінің, ҚХАА жанындағы журналисттер клубының, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділерін шын көңілден құттықтап, Алғыс хаттарын табыс етті.

Іс-шара соңында Достық үйі шығармашылық ұжымдарының орындауындағы концерттік бағдарлама салтанатты жиынға қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бөлісу: