Ақмола облыстық Ассамблеясы сот, полиция қызметкерлерін, дәрігерлер мен жас жұбайларды мерекемен құттықтады

7 Наурыз 2019, 10:53 2553

Алғыс айту күнін мерекелеу қарсаңында Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марзият Тохаева бастаған облыстың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері Көкшетау қаласының бірқатар мемлекеттік ұйымдары мен мекемелеріне барды.

Бұл күні Ақмола облыстық соты, облыстық полиция департаменті және облыстық аурухана мекемелері облыстық ассамблеядан келген қонақтарға өз есіктерін айқара ашты.  

Облыстық сот судьялары мен қызметкерлерімен кездесу барысында Марзият Юсуповна: «Алғыс айту күні - біздің ортақ тарихи жадымызға құрмет көрсету, өзара көмек және қолдау білдіру күні, бұл еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет көрсетуі. Бұл күні біз көрсеткен жақсылық пен ықылас үшін алғыс айту, біздің қоғамымыздың, әр адамның өмір сүру нормасына айналсын дейміз. Ассамблея Қазақстанның біртұтас халқына біріккен түрлі этностардың жүрегінен шыққан қайырымдылықтың, ізгі істердің үйлестірушісіне айналуы бекерден бекер емес», - деген ойын білдірді. Барлық қонақтарға Ақмола облыстық сот төрағасы Алғыс хаттары табысталды.

Сондай-ақ, жиналғандардың алдында «Қазақ тілі мен мәдениеті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Қиықов пен «Ақмола облысының өзбек ұлттық мәдени орталығы» төрайымы Тажбуви Медетова сөз сөйледі.

Достық Үйінің шығармашылық ұжымдары көрермендерге мерекелік концерт ұсынды.

Осы күні Ақмола облысының полиция департаментіндегі Алғыс күніне арналған мерекелік іс-шараға облыстың этномәдени бірлестіктерінің төрағалары – «Вайнах» Ақмола облыстық шешен-ингуш қоғамының» басшысы Герихан Яндиев, «Хатиква» Ақмола облысының еврей мәдени орталығының жетекшісі Владлен Погребицкий, «Санги-Кабуд» Тәжік ұлттық-мәдени орталығының басшысы Умар Шоназаровтар қатысты.

Олар ел дамуының қазіргі кезеңінде пайда болған және азаматтық бірегейліктің нығаюы мен дамуына, ортақ тарих негізіндегі бірлікке ықпал ететін мереке туралы сөз қозғады.

Осы күні Ақмола облыстық «Вайнах» шешен-инғұш қоғамының төрағасы Герихан Яндиев және ҚХА мүшесі, Ақмола ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, қоғам қайраткері, публицист, педагог Әлия Ахетова «Шаңырақ» балалар ұйымының активімен Ақмола облыстық ауруханасында болып қайтты.

Ақмола облыстық ассамблеясы Аналар кеңесімен бірлесіп Көкшетау қаласының NEKE SARAIY ғимаратында мерекелі күні некелерін қиған Аслан және Әсия Балғожиндерді де құттықтады. ҚХА-ның жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова Ақмола облысы әкімінің атынан жас жұбайларға естелік сыйлық табыс етті.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗДАР: 

АҚМОЛА АССАМБЛЕЯСЫ ЖҰМЫСЫН БАРЫНША ЖЕТІЛДІРУДЕ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША АССАМБЛЕЯНЫҢ АЛҒАШ ФУТБОЛ КОМАНДАСЫ ҚҰРЫЛДЫ

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВҚА КІТАП ЖОЛДАДЫ!

Бөлісу: