Ақкөл аудандық мәслихаты осындай ұсыныс жазылған қаулыны ашық талқыға шығарды.
Мир көшесі - әл-Фараби, Первомай көшесі - Роза Бағланова, Привокзальная көшесі - Абай, Береговая көшесі – Жағалау, Горная көшесі – Атамекен, Абай көшесі – Аманат және Мектеп-интернат шағынауданы - Сарыарқа шағынауданы болып өзгертілсін, - делінген қаулыда.
Еске сала кетсек, бұған дейін Петропавлдың 16 көшесіне қазақша атау берілгенін жазған едік.