Ұялы телефондар жайлы 10 құпия

25 Шілде 2017, 16:49 10877

Сіз біліп пе едіңіз?

«Смартфон» термині қашан шыққанын білесіз бе? Ол алғаш рет 2000 жылы Ericsson компаниясының R380s моделін жарнамалау кезінде пайда болды.

Телефонды лақтыру ойыны барын естіп пе едіңіз? Аталған ойын Финляндия, Бельгия секілді елдерде ойнатылады. 2014 жылы әлем біріншілігінде телефон 110,42 метрге дейін лақтырылып, жаңа рекорд орнады.

Телефонмен бірге қорқыныштың жаңа термині пайда болды. Ол номофобия деп аталады. Яғни, телефонды жоғалтып алудан, зарядының бітіп қалуынан, сол секілді байланыс аясынан тыс жерде болудан қорқу.

Жапон жастары жуыну бөлмесіне кіргенде қалтафондарын өздерімен бірге ала кіреді екен. Сондықта аталған елде телефондардың 90 %  су өткізбейтін корпуспен шығарылады.

Ұялы телефондар тарихында ең көп сатылғаны – Nokia 1101. 2003 жылы жарыққа шыққаннан бастап, 250 миллион данасы сатылыпты.

Cмартфондары бар адамдардың 65 %-ы ұялы байланыс құрылғыларына ешқандай бағдарлама жүктемейді екен.

Ұялы телефондардан шығатын радиация адам денсаулығына зиян келтіретіні туралы ешқандай ғылыми тұжырымдар жоқ.

Sonim XP3300 Force телефоны әлемдегі ең мықты телефон болып табылады. 25,6 метрден құлағанда да оған ешқандай зақым келмеген.

Қытай - ұялы телефондардың 70%-ын өндіруші ел. Яғни, минут сайын 3200 ұялы телефон өндіріледі деген сөз.

2012 жылы Apple компаниясы күніне 340 мың айфон сатып отырған.

 

Дана Мәулен
Бөлісу: