«Бұйратау» сафари-паркке айналады

19 Сәуір 2017, 17:04 13796

Қазақстанда сафари-парк ашылатынын білесіз бе? 

«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Ақмола облысы Ерейментау ауданы мен Қарағанды облысының Осакаров ауданы аумағында орналасқан. ЭКСПО көрмесі қарсаңында аталмыш паркте дала жануарларын көруге болатын сафари-парк ашылады. «Бұйратау» ұлттық паркінде тиісті аумақ абаттандырылып жатқанын облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Біз әлемдік қорықшылардың тәжірибесін қолданамыз, мысалы, АҚШ-тағы Йеллоустоун паркі. Қазіргі кезде орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, парктің бағыты жасалуда. Сафаридің ашылуы ЭКСПО көрмесіне орайластырылады» - деді «Бұйратау» ұлттық паркінің туризм және экологиялық ағарту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жібек Ыбраева.

Келушілер бұғы, арқар, ақбөкен, бизон, як, марал, сұр тырна, саршұнақ, суыр, құр мен басқа да Қызыл кітапқа енгізілген аң-құстарды тамашалай алады. Жануарларды көруге және фотосуретке түсіруге ғана рұқсат етіледі. Ұлттық паркте аң аулауға тыйым салынған. 

Қазірдің өзінде «Бұйратау» қорығына арнайы билет сатып алып кіруге  болады. Парк аумағына кіреберісте орналасқан өткізу бекеттерінде туристерге нұсқаулық беріледі.

Қорық аймағында бір тәулік болғаны үшін бір адам бір мың теңге төлейді.  Демалушылар паркті аралауға, туристік соқпақтармен жүруге, жануарларды көріп, шатырдан қалашық орнатып, Бозайғыр мен Әжібай өзендерінде қармақпен балық аулауға, сондай-ақ, археологиялық қазбаларды тамашалау мүмкіндігіне ие болады.

Айта кетерлік жайт, ғалымдар парк аумағында VI-VII ғғ. сақ мәдениетінің ескерткіштерін тапты.

«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі несімен ерекшеленеді?

«Бұйратау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – Біріккен Ұлттар Ұйымының Жаһандық экологиялық қор бағдарламасы «Далалық экожүйелерді сақтау мен тұрақты басқару» жобасының қолдауымен, «2011-2014 жылдарға арналған Жасыл Даму» салалық  бағдарламасын жүзеге асыру аясында құрылды.

Ұлттық табиғи парктің аумағы  Республикалық маңызы бар қорғауға жататын әрі ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ ретінде екінші санатқа жатады. Парктің ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері, биологиялық және ландшафттық әртүрлілікті сақтау, табиғат қорғау, экологиялық білім беру, ғылымдық, туристтік және рекреациялық мақсаттарда бірегей табиғи кешендерді пайдалану үшін арналған.

«Бұйратау» паркінің құрамына жергілікті аттас аймақтық табиғи парк, республикалық деңгейдегі Белодым мен Ерейментау мемлекеттік табиғи қорықшалар кірді. Флора. Флора құрамында 30 аса сирек және жойылып бара жатқан түрлер және қысқарып бара жатқан ареал: желімді қарарағаш, сібір скердасы, қырыққұлақ қалампыршөп, көктем жанаргүлі, ашылған сырқырау, сынғыш пузырник, дала сәлдегүлі, Геснер қызғалдағы, қарға көзі, эльб вудсиясы.

Фауна. Ұлттық парктің фаунасында бес отряд және 15 тұқымдастарға жататын, 45 сүтқоректілер түрі бар, ол Қазақстанда 71 % және 39 % таксон (топтар) құрайды. Саябақ аумағының кіші тауларында басқа популяциялардан оңашалаңған солтүстіктік Ерейментау архары тұрады, олардың саны 200.

Бөлісу: