2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр«Astana Musical» театры Астана қаласының тұрғындары мен қала қонақтарының назарына «Достар серті» мюзиклін ұсынады.
Мюзикл желісі 1960-70-жылдарда өрбиді. Еліміздің әр өңірінен арман қуып, консерваторияға оқуға келіп, бір қалада тоғысқан төрт абитуриент жігіттің басынан кешкен қызықты оқиғалары, жалындаған жастық шақтарын, адал достық пен нағыз махаббат хикаяларын баяндайды. Аталмыш мюзиклға қазақ музыкасының «алтын қорына» енген Ш.Қалдаяқов, Е.Хасанғалиев және «Дос-Мұқасан» тобының әндері орындалады.
Еслям Нұртазин, «Достар серті» мюзиклінің режиссері:
— Спектакльде өзімізге әйгілі 1960-70 жылдардағы Ескендір Хасанғалиевтің әндері шырқалады. Сонымен қатар өзіміздің әйгілі «Дос-Мұқасан» тобының әндері де бар. Композиторымыз Артур Оренбургскийдің үш әні мюзиклде айталды. Эстрадалық, симфониялық оркестр сүйемелдейді. Ерекше көңіл-күй, әсем ән, шынайы сезім барлығы тоғысқан мюзикл көрерменге керемет әсер қалдырды деген ойдамыз. Бұйырса жаңа мюзиклдерге дайындық жүруде. Әлі талай халыққа жаңа туындыларымызды тарту етпекпіз. Әлемге әйгілі мюзиклдар осы сахнада жарық көретініне кәміл сенемін.
Либретто авторы - ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Бақыт Қайырбеков, аудармашы, драматург - Әннас Бағдат. Қойылымның музыкасын жазған танымал дирижер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Артур Оренбургский. Мюзикл режиссері - Еслям Нұртазин.
Жазира Әшірбек, көрермен:
— Еслям Нұртазиннің режиссерлігімен сахналанған «Достар серті» мюзиклі актерлердің шынайы шеберлігімен, әрбір әннің орынды таңдалуымен, үйлесімді биімен, жоғары талғамды декорациясымен көңілімнен шықты. Спектакльдің басты діттегені де достықтың қадірін көрерменге жеткізу болуы керек. Қойлымның «Алғыс айту күні» қарсаңында сахналануы да бекер болмаса керек. Жалпы, осы мюзиклдің сахналануына септігін тигізген театр ұжымына алғыс білдіремін. Шығармашылық шабыт тілеймін!
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова