«ЯркоКросс» марафонының жазғы маусымы ашылды

10 Шілде 2017, 17:44 4579

Бурабайда жылдың ең жарқын шарасы «ЯркоКросс» марафонының жазғы маусымы ашылды.

Бурабайда «ЯркоКросс» марафонының жазғы маусымы ашылды. 

Жылдың ең жарқын шараларының бірі ретінде қалыптасып үлгерген "ЯркоКросс" марафоны биыл Бурабайда өткен ашылу салтанатында мыңнан астам адамның басын қосты. 

Түрлі-түсті жарқын жарыс түріндегі марафонға қатысушылар қауіпсіз, түрлі-түсті бояу-далаптардан пайда болған бұлттардан тұратын 5 арақашықтықты бағындыруы керек. Уақыттан ешқандай шектеу жоқ – жүгіргуе де, жүруге де, еңбектеп өтуге де болады. Бастысы, екі ереже бар: әр қатысушы стартта ақ киімде болып, финишта максималды түрде ЖАРҚЫН болуы керек.

Адамдардың денсаулығын жақсартып, спортқа назар аудартуға бағытталған шара биыл Бурабай, Алматы, Қарағанды, Астана, Павлодар, Шымкент, Ақтөбе қалаларында 25 мыңнан астам адамды жинауды жоспарлауда.

Алматы – 18 маусым

Қарағанда – 2 шілде

Бурабай – 8 шілде

Астана – 16 шілде

Павлодар – 30 шілде

Шымкент – 13 тамыз

Ақтөбе – 27 тамыз

Марафонға қатысу 2 мың теңге тұрады. Оған қатысушыға арнайы ақ футболка, гүлдесте және минеаралды сусындары бар жинақ беріледі. Ал  түскен қаржының барлығы қайырымдылыққа жұмсалады. Яғни, марафоннан жиналған қаражат ағаш көшеттерін отырғызуға және экологияны жақсартуға жұмсалады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша,  жылда "ЯркоКросс" марафонына 6 жасар баладан бастап 60 жастағы кәріге дейін белсенді қатысады. 

Шараның үйлестірушісі Евгения Жолдасбаеваның айтуынша, Бурабайда өткен шарадан түскен ақша осы аймақтың көгалдандырылуына жұмсалады. Қазіргі уақыттың Көкшетау әкімдігі көгалдандыруды қажет ететiн аумақты бөлiп қойған. Қыркүйектен бастап көшеттер отырғызу жұмысы басталады.

Бояулар бұлтынан тұратын әлеуметтік шараға 2016 жылы қатысқан 1000 адамның арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде «ЯРКОкроссқа» келетін адамдардың 80 пайызы позитив үшін келетіні анықталған. Ал жыл сайын шараны өткізуге, 15 тонна бояу жұмсалады екен. 

Дайындаған: АЙНҰР МАРАТ

Бөлісу: