28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАқтөбе облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшылығы мемлекеттік қызметке кір келтiргені үшін жазаланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтөбе қаласы халықаралық әуежайы үшін 972 млн теңгеге реактивті жанармайды мемлекеттік сатып алуда жеңімпазды анықтау кезінде заңсыз артықшылық көрсетілген.
Негізгі құжат бойынша комиссия мүшелері осындай қызметпен айналысу үшін Энергетика министрлігінің "рұқсаты" бар әлеуетті өнім берушілерді айқындауға тиіс болған. Оған қарамастан, конкурстық комиссия тиісті рұқсаты болмаған қатысушының өтінімін жеңімпаз деп таныды, - дейді ведомство.
Комиссия мүшелерінің мұндай қадамы мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылық деп танылды. Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшылығына және комиссияның басқа да мүшелеріне "қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту" түріндегі жаза қолданылды - дейді Бас прокуратура.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?