Қазақстан әлемдік спорт аренасындағы беделін нығайтып келеді. 2025 жылдың алғашқы сегіз айында отандық спортшылар 912 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 351-і – алтын, 270-і – күміс, 291-і – қола, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жерлестеріміз мұндай жетістікке мемлекеттің спортқа жүйелі қолдауының, жаттықтырушылар құрамының орасан зор еңбегінің, спорт федерацияларының үйлесімді жұмысының нәтижесінде қол жеткізіп отыр. Бұған қоса ұлттық құрамаға шетелдік мамандардың келуі және жаңа әдістемелердің енгізілуі де маңызды рөл атқарды.
Биылғы маусымдағы негізгі тарихи жеңістер:
Отандастарымыз командалық спорт түрлерінде де маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, «Қайрат» футбол клубы алғаш рет өз тарихында Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті. Ал футзалдан «Қайрат» командасы УЕФА Чемпиондар лигасының күміс жүлдегері атанды.
Сегіз айдағы жетістіктер – отандық спорттың қарқынды дамып келе жатқанының айқын көрінісі. Енді спортшыларды Милан-2026 қысқы Олимпия ойындары алдында жауапты маусым күтіп тұр. Бұл жеңістер Қазақстанның әлемдік спорттағы беделін одан әрі арттыра түседі.